Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Ordu °C

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады
REKLAM ALANI
28.07.2022
A+
A-

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады

2022 жылғы 28 шілде

Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді.

Ералы Тоғжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Бағдарлама шаралары аясында бюджет саласындағы 850 мың қызметкердің, квазисектордың өндірістік бағытында жұмыс істейтін 240 мың және бизнес құрылымдарындағы 1,2 миллион еңбеккердің жалақысы өскенін баяндады.

Президентке Үкіметтің барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап жатқаны туралы айтылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, табысы жоқ азаматтардың экономикаға әлеуметтік тұрғыдан жұмылдырылуына қатысты кешенді шаралар атқарылып жатыр. Бұл ретте оларға жұмыс орындары ашылып, жаңа кәсіп түрлерін меңгеру үшін біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік жасалуда.

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 2 миллионнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 444 мыңы биыл ашылмақ. 1 шілдедегі мәлімет бойынша 249 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл жылдық жоспардың 56 пайызына сәйкес келеді.

Әкімдіктермен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ химиясы саларында және аграрлық секторда 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобалар пулы жасақталған. Бұл тізімде 266 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын 847-ге жуық жоба бар.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Жастар тағылымдамасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша тағылымдамадан өту мерзімін ұзарту, еңбекақы көлемін арттыру және жастардың жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыруға бөлінетін гранттардың көлемін өсіру жөнінде баяндалды. Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына жататын азаматтардың тұрақты табыс табуы үшін жағдай жасалуда және әйелдерді жұмыспен қамту тетігі әзірленді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы халықтың табысын арттырудың маңыздылығын және мұның ұлттық жобаларда көзделген мақсаттарға қол жеткізуге тікелей байланысты екенін атап өтті. Үкіметке аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстау тапсырылды. Президент азаматтардың табысын арттыру жұмыстары барлық орталық және жергілікті атқару органдары үшін басты міндет болуға тиіс деп санайды.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-premer-ministrdin-orynbasary-eraly-togzhanovty-kabyldady-28602

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.