Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Ordu °C

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
REKLAM ALANI
10.12.2022
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

2022 жылғы

Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы

 

Мемлекет басшысы Бішкекте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар Қырғызстан Президенті – ЖЕЭК төрағасы Садыр Жапаров, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттерден – Куба Президенті Мигель Диас-Канель, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, қонақжайлық көрсеткені, отырысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін қырғыз тарапына және Садыр Жапаровтың жеке өзіне алғыс айтты.

Мемлекет басшысы ЕАЭО-ға мүше елдердің президенттері желтоқсан айындағы кездесулерде дәстүрлі түрде бірлескен жұмысты қорытындылап, алдағы кезеңде атқаратын міндеттерді айқындайтынын атап өтті.

– Біз бүгінде әлемдегі сауда-саттықты айтарлықтай шектейтін түрлі тыйымдар, квоталар мен баж салықтары енгізіліп жатқанын көріп отырмыз. ЕАЭО аясындағы ынтымақтастығымыз жаһандық үрдістерден ерекшеленетіні келешекке сенім ұялатады. Сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы биыл қаңтар-қазан айларында 7 пайызға өсіп, 23 миллиард долларға жетті. Бірлескен ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесі артып келеді. Бұл өзара іс-әрекеттердің деңгейі жоғары және интеграциялық серіктестігіміздің әлеуеті мол екенін анық көрсетеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президенттің айтуынша, қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында ЕАЭО-ға мүше елдердің экономикалық байланыстарды сақтауы және нығайтуы, ортақ қағидаттар мен мақсаттар аясында сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін күш біріктіруі аса маңызды. Осыған орай Мемлекет басшысы бірқатар басым мәселені атап өтті.

– Әлемдік инфляцияның елдеріміздің экономикасына кері әсерін азайту маңызды. Халықаралық ұйымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Халықаралық валюта қоры 2023 жылы әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамды 2,7 пайызға дейін, Дүниежүзілік сауда ұйымы 1 пайызға дейін төмендетті. Осыған орай Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегі бойынша, ЕАЭО-ға мүше елдердегі тұтыну бағасы өсіп келеді. Қазан айында Одақтағы инфляция деңгейі 11,5 пайызды құрады. Оның негізгі өсімі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға тиесілі. Мұның бәрі азаматтарымыздың сатып алу қабілеті мен әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді. Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет. Сондықтан, біздің пікірімізше, елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, аталған санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін екінші басымдық ретінде атап өтті.

– Одақтың сыртқы сауда саласындағы мүддесі жылдан жылға кеңейіп келеді. Бұл – жақсы үрдіс. Қазақстан аталған бағытты қолдайды. Енді преференциялық келісімдер жасалған серіктестермен өзара іс-әрекеттің сапасын арттыруға назар аудару маңызды. Бұл жерде Вьетнам, Сербия және Иран туралы сөз болып отыр. Сондай-ақ Үндістан, Мысыр, Индонезия және Израильмен еркін сауда аймағы туралы келісімдерге қатысты жұмысты жеделдету маңызды. Аталған жұмысты бірлесе жалғастырған жөн. Бұл жөнінде бірнеше рет айттым. Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөз басталғанын қолдайды. Бұл бастаманың келешегі зор әрі бүкіл «еуразиялық бестіктің» мүддесіне сай келеді деп санаймын. Енді осы процесті созбалаңға салмау маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

 

Сонымен қатар Қазақстан Президенті ЕАЭО аумағы арқылы тауарлардың еркін тасымалдануын қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, интеграциялық серіктестіктің тиімділігі «төрт еркіндік» қағидатын сақтауға тікелей байланысты. Оның бірі – тауар қозғалысының еркіндігі.

– Біздің ортақ кедендік аумағымыз арқылы өтетін қазақстандық және қазақстандық қана емес, басқа да жүктердің қозғалысын шектейтін, квота енгізетін, кідіртетін барлық жағдайды жою керек деп есептеймін. Мұндай шектеулер ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың сипатына да, мақсатына да сай келмейді. Ең бастысы, бұл экономикалық интеграцияның әлеуетін жүзеге асыруды шектейді. Жүк тасымалын қадағалау үшін навигациялық пломбыларды қолдану туралы келісімнің күшіне енуін жеделдету қажет деп санаймыз. Бұл шара цифрландырудың интеграциялық процестерге оң әсер ететініне жақсы мысал болар еді. Аталған келісімде қарастырылған мемлекеттік бақылау шараларын оңтайландыру Экономикалық одақтың кәсіпкерлік және көлік-транзиттік әлеуетін едәуір арттырады. Келісімді жедел ратификациялау осы мәселені шешуге ықпал етеді деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент 2020 жылы Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданғанын еске салды. Бүгінде ЕАЭО-ға мүше елдер үкіметтері Комиссиямен бірлесіп, оны жүзеге асырып келеді. Мемлекет басшысының пікірінше, Стратегияны барлық мүше мемлекеттердің ұлттық мүддесін толық ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асыру – ең дұрыс тәсіл.

– ЕАЭО-ны дамытудың жаңа стратегиясын дайындауға, әсіресе ұлттық үкіметтердің құқықтарын шектеуге қажеттілік жоқ деп санаймыз. Қолданыстағы үлкен Шарттың өзі де, Одақтың барлық құқығы да – өзара мәмілеге негізделген ұзақ жылдар бойы жүргізілген келіссөздер мен мұқият сәйкестендірілген ұстанымдардың нәтижесі. Шарттың институционалды және мазмұнды бөлігі барлық тараптың игі еркі мен экономикалық прагматизмін білдіре отырып, ұлттық және ұлтүсті құзіреттер арасындағы нәзік әрі тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Одаққа мүше елдер 8 жылдан астам уақыт бойы заманауи сын-қатерлерді бірге еңсеріп келеді. Бұл өзара қолдау мен ұлттық мүдделерді құрметтеудің арқасында мүмкін болды. Біз Еуразиялық экономикалық комиссияға, Еуразиялық сотқа, Еуразиялық даму банкіне жекелеген құқықтар бердік. Еуразиялық қайта сақтандыру ұйымын құрамыз. Осы уақыт аралығында біздің ұзақмерзімді ынтымақтастығымыздың кепілі – тараптар мүдделерінің тепе-теңдігі. Сондықтан ЕАЭО туралы шарттың институционалдық негіздерін ұстануды жалғастыру маңызды, – деді Президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан интеграцияны дамытуға шынайы мүдделі екенін атап өтті.

– Қазақстан тарапынан интеграциялық процестерді тежеу туралы сөз болуы мүмкін емес. Қазақстан, керісінше, Одаққа мүше барлық мемлекеттің мүддесін, әрине, еліміздің ұлттық мүдделерін ескере отырып, ЕАЭО туралы шартқа толық сай келетін экономикалық интеграция процесін жетілдіру және оңтайландыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Біздің халықтарымыз, әрине, Қазақстан халқы да, әсіресе, кәсіпкерлеріміз мұндай интеграцияның пайдасы мен нәтижесін көруге тиіс. Бізді белгілі бір бағыттардағы процестердің «кібіртіктеуі» алаңдатады. Атап айтқанда, Одақтың цифрлық күн тәртібі туралы сөз болып отыр. Қазақстан бұл бағытта айтарлықтай ілгеріледі. БҰҰ мәліметі бойынша, бүгінде біз әлемдегі цифрландырылған отыз мемлекеттің қатарына кіреміз. Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электронды форматта көрсетіледі. ІТ технологиялар мен инновациялардың дамуы үшін заңнамалық негіздер жасалды. IT стартаптардың халықаралық технопаркі жұмыс істейді. Криптоиндустрия дамып, цифрлық теңге енгізіліп жатыр. Бұл тәжірибені интеграцияны дамытуда, жалпы еуразиялық ауқымдағы жобаларды жасауда пайдалануға болады деп есептеймін. Одақ ретінде біздің міндетіміз жаңа цифрлық технологиялар, крипто-экожүйелер және финтех саласында жетекші рөл атқару деп санаймын. Бұл міндетті орындауға болады. Оған қоса, Ресей, Беларусь, Армения бұл салаларда тарихи тұрғыдан айтарлықтай тәжірибеге ие. Одаққа мүше елдерді осы бағыттағы жұмысты күшейтуге шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент еңбек миграциясы мәселесіне де ерекше назар аудару қажет деп есептейді. Оның пікірінше, қазіргі сын-қатерлер бұл саланың маңызды екенін айқындай түседі.

– Бір орында тұрып қалмай, жаңа тәсілдерді ұсыну маңызды. Соның ішінде жұмыс іздеу, жұмысқа орналастыру рәсімдерін жеңілдету, еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер беру ісіне жаңа тәсілдер керек. Азаматтар интеграциялық жобаның пайдасын толық сезінуі керек. Тағы бір сала – туризм. Бұл бағытта Одақтың әлеуеті зор, туризмнің барлық түрі бізге қолжетімді. Халықтар арасында интеграцияны ілгерілетуге жағдай жасайық. Комиссия үкіметтермен бірлесе отырып, осы салада маңызды әрі шынайы жобаларды әзірлей алады деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Еуразиялық экономикалық одақ елдері бірлескен күш-жігердің арқасында қазіргі сын-қатерлердің салдарын табысты жойып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында қырғыз тарапын және Садыр Жапаровты Қырғызстан төрағалығының табысты аяқталуымен құттықтады. Мемлекет басшысы келесі жылы бұл мәртебелі миссия Ресей тарапына өтетінін жеткізді. Оның пікірінше, Ресей төрағалығы табысты болатыны күмәнсіз. Қасым-Жомарт Тоқаев ірі экономика ретіндегі Ресей Федерациясының күш-жігері ЕАЭО-ның дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-zhogary-euraziyalyk-ekonomikalyk-kenestin-otyrysyna-katysty-911922

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.