Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Ordu °C

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
REKLAM ALANI
17.02.2022
A+
A-

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылы Түркістан облысында атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі былтыр 2020 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығы саласында 906,5 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 101,7 пайызды құраған. Бұл нәтиже облыстың республикадағы үлесі бойынша екінші орынға шыққанын көрсетеді. Аймақ әкімі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 315 жоба қаржыландырылғанын айтты.

Президентке өңірдегі құрылыс қарқынының артқаны туралы мәлімет берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артқан. Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып, әлеуметтік инфрақұрылымның негізі қаланғанын жеткізді. Оның айтуынша, облыстың 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітілген.

Облыс әкімі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Сайрам ауданында жүзеге асырылған «Парасат» дискуссиялық клубы пилоттық жобасы туралы баяндады. Аталған жоба облыс, аудан, аймақтағы күштік құрылым басшыларының тұрғындармен кездесулерін, ашық әңгімелесулерін қамтамасыз етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға бере отырып, қолға алынған жобаларды жалғастыруды және халықпен тығыз жұмыс істеу мәселесін күшейтуді тапсырды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-turkistan-oblysynyn-akimi-omirzak-shokeevti-kabyldady-161549

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.