Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Ordu °C

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
REKLAM ALANI
26.05.2023
A+
A-

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
2023 жылғы
Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) Мәскеуде өткен кезекті отырысына қатысты.

Саммитке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес; жиынға шақырылған елдерден Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев пен ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин қатысты.

 

Мемлекет басшысы өз сөзінде геосаяси қиындықтар бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайға айтарлықтай ықпал етіп отырғанын атап өтті.

– Биыл халықаралық қаржы институттары әлемдік экономиканың дамуына қатысты болжамды орташа есеппен алғанда шамамен екі есе төмендетті. Бірақ сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Одаққа мүше мемлекеттер макроэкономикалық тұрақтылығын сақтап, экономикалық өсім қарқыны мен өзара сауда көлемін арттыруда. Мен өз тарапымнан ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның Одаққа мүше өзге елдермен арадағы тауар айналымы 74 пайызға ұлғайғанын атап өткім келеді. Осы орайда экспорт 98 пайызға өсті. Бұл жақсы көрсеткіш деп санаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президенттің айтуынша, қазіргі геоэкономикалық жағдайда Одақтың әлеуетін мейлінше толық әрі тиімді пайдалану ортақ басымдыққа айналды.

– Бұл жерде, ең алдымен, төрт еркіндіктің біріншісі – тауар қозғалысының еркіндігін толыққанды жүзеге асыру туралы сөз болып отыр. Яғни, шын мәнінде, кедергісіз бірыңғай нарық қалыптастыру, үшінші елдерге тауарлардың кедергісіз тасымалдануын қамтамасыз ету маңызды. Осы мақсатқа қол жеткізу үкіметтер мен Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының негізгі бағыты болуға тиіс деп ойлаймын. Интеграция дамуының қазіргі кезеңінде аталған мәселе бойынша біз «жағдайға байланысты шешімдер» қабылдау әдісінен, ситуативті келісімдерден, «қолмен басқару» тәсілінен бас тартуға тиіспіз. Бізге толыққанды әрі жүйелі жұмыс істейтін ішкі нарық қажет, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент ортақ күшті жұмылдыра отырып, экспорттаушыларымыздың тауар өткізетін нарығын кеңейту маңызды екеніне тоқталды. Оның айтуынша, Одақты құрудағы негізгі мақсаттың бірі – қуатты, үйлесімді ортақ ұстаным негізінде үшінші елдермен барынша тиімді сауда шарттарына қол жеткізу.

– Интеграциялық бірлестіктермен және елдермен жүйелі диалогты жалғастыру маңызды. Себебі олармен ынтымақтастық орнатуға экономикалық тұрғыда мүдделіміз. Комиссия Біріккен Араб Әмірліктерімен, Үндістанмен, Мысырмен, Индонезиямен, Израильмен еркін сауда аймағы туралы келісім жасау жұмысын жедел түрде аяқтауы керек. Біз ШЫҰ, АСЕАН, МЕРКОСУР және басқа да халықаралық ұйымдармен арадағы іс-әрекеттерді сапалы түрде күшейткеніміз жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президенттің пікірінше, Одақ жанындағы бақылаушы институтын дамыту және рәсімдеу маңызды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы аталған институт өзара тиімді ынтымақтастықтың механизміне айналуға тиіс деп санайды.

– Комиссия бақылаушы мемлекеттердің Одақ аясындағы жекелеген шарттарға қосылу, сондай-ақ олардың нақты кооперациялық және инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндігін пысықтауы керек. Серіктестеріміз энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы кооперацияға ерекше қызығушылық танытады деп ойлаймын. Комиссия шарттар мен жобалардың тиісті тізімін қайта қарауы қажет деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Президент өнеркәсіпті дамыту ісін маңызды бағыт ретінде атап өтті. Бұл саладағы ынтымақтастықты нығайту үшін бірнеше көпжақты кооперациялық жоба мен мемлекетаралық бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Жерді қашықтан зондтауға қатысты мемлекетаралық бағдарлама аясында ЕАЭО-дағы әріптестер өзара табысты іс-әрекет жасап жатқаны атап өтілді.

– Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан, өзінің географиялық орналасуы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығы болуға дайын. Бұл электромобиль, магистральді локомотив, вагон, ауыл шаруашылығына арналған және жеңіл техника құрастыратын, құрылыс материалдары мен химиялық бұйымдар өндіретін бірлескен кәсіпорындар болуы мүмкін. Аталған бағыттардың көбі іс жүзінде жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ біз қара және түсті металдар кен орнын игеріп, оны одан әрі өңдейтін және дайын өнімдер шығаратын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әзірміз. Аталған салалар бойынша Ресей Федерациясымен табысты ынтымақтастық орнатқанымызды атап өткім келеді. Тек соңғы бір-екі жылда ірі жүк көліктерін, магистральді тепловоздар мен теміржол саласына арналған өнімдер, дөңгелек шығаратын ірі жобалар іске асырылды. Тағы бірнеше жоба қолға алынбақ, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент жаңа халықаралық күре жолдардың салынуы алдағы уақытта интеграциялық дамудың маңызды бағытына айналуы мүмкін деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың Еуропа мен Азияны, жаһандық Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстырушы торапқа айналатынына сенім білдірді.

– Біз Ресей Федерациясының Қытай, Үндістан, Пәкістан, Иран, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен арада көлік дәліздерін ашу ниетін құптаймыз. Транскаспий бағытымен өзара ұштасатын Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізін дамыту қажет екенін түсінетін уақыт жетті деп ойлаймын. Осы ретте Қазақстан бүкіл мүмкіндіктері мен ресурстарын жұмылдырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сенімді логистикалық хабы болады. Нақты бастама ретінде біз Челябинск – Болашақ – Иран темір жол магистраліне жүрдек жүк пойыздарын шығаруды ұсынамыз. Челябинскіде жүк жинақтайтын орталық аша отырып, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізінің қолданыстағы инфрақұрылымын осы мақсатта пайдалануға болады. Біз өзіміздің Бейнеу – Маңғыстау темір жол желісіндегі және Бейнеу – Шалқар автомобиль жолындағы талапқа сай келмейтін учаскелерді қайта салуға әзірміз. Тиісті жүк тасымалы ағынын қалыптастыру үшін ортақ күш жұмылдыру маңызды. Сол себепті Қазақстан мұны сөзсіз іске асырады. Бақты – Аягөз темір жолының құрылысын өзара тиімді ынтымақтастығымыздың айқын мысалы деуге болады. Оның іске қосылуы Қазақстанның да, Ресейдің де Қытай бағытына жөнелтетін жүк көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Иран мен Түрікменстанның теңіз және құрғақ порттарындағы инфрақұрылым құрылысына бірлесе инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға болар еді. Бұл ұйымға мүше мемлекеттердің экспорт географиясын айтарлықтай кеңейтіп, логистикалық әлеуетімізді арттыра түседі, – деді Президент.

 

 

 

 

 

Мемлекет басшысы физикалық инфрақұрылымды дамытумен қатар тауар транзитінің жалпы цифрлық жүйесін қалыптастыру үшін нақты шешім қабылдау аса маңызды екеніне назар аударды. Президенттің пікірінше, ондай жүйе сенімді әрі қолдануға оңай және озық цифрлық технологияларға негізделуге тиіс.

– Электронды пломб, жедел ақпарат алмасатын кепілдік жүйесін қолдану, сондай-ақ «Е-терезе» жүйесін дамыту мәселелерін шешкен жөн. Бұл шаралар тауар тасымалын жеделдетіп, жеткізу тізбегін оңтайландыратын ортақ цифрлық мультимодальді дәліз құруға мүмкіндік береді. Цифрландыру, туризм, агроөнеркәсіп кешені салаларында бірлесе жұмыс атқаруға мол мүмкіндік бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Еуразиялық экономикалық одақтың орасан зор әлеуетін елдеріміздің игілігі үшін дәйекті әрі жүйелі түрде іске асыру маңызды деп санайды.

– Бұл – аса маңызды. Өйткені экономикалық интеграция, ең алдымен, экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізетін негізгі құрал. Сәйкесінше, интеграциялық іс-әрекеттердің сәтті не сәтсіз болуын оңай бағалауға болады – бизнес пен азаматтар Одақ жұмысының нәтижесінде еңбегінің жемісін көріп, өмір сүру деңгейі жақсарғанын сезінуге тиіс. Сонда ғана олар биліктің алдағы интеграциялық қадамдарына сеніммен қарайды. Сондықтан Одақты дамытуға қатысты Қазақстанның ұстанымы – елдеріміздің экономикалық әлеуетін дәйекті түрде арттыру. Яғни, жобалар, технологиялар, жұмыс орындары, салықтар. Жалпы, біз күш біріктіре отырып, алдымызға қойған барлық міндетті табысты атқаратынымызға және Еуразиялық экономикалық одақты дамудың анағұрлым жоғары деңгейіне шығаратынымызға нық сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент сөзінің соңында келесі жылы Одақтың құрылғанына 10 жыл толатынын және ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитін ұйымдастыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

– Бұл айтулы оқиға жүріп өткен жолымызды мұқият саралауға және Одақтың алдағы стратегиялық перспективаларын айқындауға себеп болуға тиіс. Осыған байланысты Жоғары кеңестің келесі отырысына еуразиялық интеграцияның бірінші кезеңі туралы баяндама әзірлеу міндетін Комиссияға жүктеуді ұсынамын. Ол құжатта негізгі қорытынды мен жетістіктер, сондай-ақ алдағы интеграциялық дамуға қатысты нақты ұсыныстар болады. Әрине, біздің интеграциялық бірлестігіміздің онжылдығы – бұл тиісті деңгейде атап өтуді қажет ететін маңызды кезең. Астанада мерейтойлық жиын өткізудің символдық мәні бар. Өйткені ЕАЭО-ны құру туралы шартқа Қазақстан астанасында қол қойылды, – деді Президент.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-zhogary-euraziyalyk-ekonomikalyk-kenestin-otyrysyna-katysty-2545236

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.